Елдос Сметов Абу-Дабидегі Grand Slam турниріне қатысады

Елдос Сметов Абу-Дабидегі Grand Slam турниріне қатысады

Елдос Сметов Абу-Дабидегі Grand Slam турниріне алдын ала тізімге енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 29-31 қазан аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өтетін Grand Slam сериясындағы турнирге қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады.

Қазақстан ерлер құрамасынан өтінімге жеті дзюдошы енді. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен Талғат Орынбасар тіркелген. Ал 66 келіге дейінгі салмақта ел намысын Ғұсман Қырғызбаев пен Ақылжан Жұбатқанов қорғайды.

81 келіге дейінгі салмақта алдын ала тізімге Жалғас Қайролла енсе, 90 келіге дейінгі салмақта Айдар Арапов, ал 100 келіге дейінгі салмақта Марат Байқамұров тіркелген.

Турнирге қатысушылардың тізімі әзірге түпкілікті емес және жарыс басталғанға дейін өзгеруі мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или