Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатында ширек финалға өтті
Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ширек финалға жолдама алды, Prosports.kz.
81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатқан спортшы екі белдесуінде де жеңіске жетті. Алғашқы кездесуінде Жұбаназар австралиялық Кайшин Отиді жеңсе, 1/8 финалда Әзербайжан өкілі Вусал Галандарзадеден басым түсті.
Қазақстандық дзюдошының келесі қарсыласы — Оңтүстік Корея өкілі Ли Ын Хван. Бұл белдесуде әлем чемпионатының жартылай финалына шығатын спортшы анықталады.
Осы салмақта Қазақстанның тағы бір өкілі Жалғас Қайролла жарысты үшінші айналымда аяқтады. Ол Сербия дзюдошысы Михайло Симиннен жеңіліп қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или