Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Өзбекстан астанасы Ташкентте өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлем біріншілігінде Қазақстан намысын 18 дзюдошы қорғайды. Олардың тоғызы ерлер, тоғызы әйелдер арасындағы жарыстарға қатысады.
Ерлер:
• 60 келі: Әлішер Тұрсынәлі
• 66 келі: Ролан Қайырғали, Ерасыл Ержанов
• 73 келі: Мұхамедәлі Закиров
• 81 келі: Омар Нұрбергенов, Досбол Балғабай
• 90 келі: Әділжан Жаудинов
• 100 келі: Санжар Ерұланұлы, Асқар Біржанов
Әйелдер:
• 48 келі: Айнара Сейітжанова, Айзат Наукенова
• 52 келі: Нұрбала Зайнұл
• 57 келі: Зарина Мұрадасыл
• 63 келі: Айдана Әбіханова, Дәмеля Асылханова
• 70 келі: Шынар Бітімбай
• 78 келі: Гүлсезім Тұрлыбек
• 78 келіден жоғары: Руслана Махатова
Айта кетейік, әлем чемпионаты 19–21 қараша аралығында өтеді. Жарыс басталғанға дейін қатысушылар құрамында өзгерістер болуы мүмкін.