Қазақстандық дзюдошы Азия ойындарының жартылай финалына шықты
Қазақстандық Ажар Асхат Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында ширек финалдан сүрінбей өтіп, жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
ҚР ҰОК мәліметінше, 70 келіге дейінгі салмақтағы қазақстандық дзюдошы жартылай финалға шығу үшін Қытай Тайбэйінің өкілі Юй-Чжун Ляомен белдесіп, қарсыласын сенімді түрде жеңді.
Енді Ажар Асхатты жартылай финалдық белдесу күтіп тұр. Финалға шығу үшін қазақстандық спортшы моңғолиялық дзюдошы Анужин Уран-Улзиймен кездеседі.
Осылайша, Ажар Асхат 2026 жылғы Азия ойындарының жүлдесі үшін күресін жалғастырады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или