Қазақстандық дзюдошы Еуропа кубогында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошы Еуропа кубогында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошылар Прагада (Чехия) өтіп жатқан Еуропа кубогында жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шерзод Давлатов 60 келіге дейінгі салмақтың финалында Франция өкілі Ян Мотоли Бонгамбемен белдесті. Нәтижесінде отандасымыз мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Сондай-ақ дәл осы салмақта Нұраділ Әлжан қола жүлде үшін өткен белдесуде отандасы Сұңғат Нұрлатұлынан басым түсті.

Әйелдер арасында 78 келіден жоғары салмақта Карина Такиева қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алған еді. Дегенмен шешуші кездесуде португалиялық Рошели Нунеске жол берді.

Айта кетейік, Еуропа кубогы 28 маусымда аяқталады.

Ғұсман Қырғызбаев – Гран-придің күміс жүлдегері

Елдос Сметов Қытайдағы Гран-при турнирінде қарсыласына жол берді

Қытайдағы Гран-при турнирі: қазақстандық дзюдошылардың алғашқы қарсыластары анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или