Елдос Сметов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Қазақстан құрамасының дзюдодан көшбасшысы Елдос Сметов Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
Финалда Сметов Жапония өкілі Хаято Кондомен кездесті. Жапониялық дзюдошы басым түсіп, белдесуді 2:0 есебімен аяқтады. Ол юко әдістері үшін екі ұпай жинады. Нәтижесінде Кондо жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілсе, Сметов турнирдің күміс жүлдегері атанды.
Елдос Сметовтің Олимпиада ойындарындағы жүлделерінің толық топтамасы бар. Ол 2024 жылы Олимпиада чемпионы атанса, 2016 жылы күміс медаль, ал 2020 жылғы Олимпиадада қола жүлде иеленді.
Сонымен қатар қазақстандық дзюдошы әлем және Азия чемпионы атанып, 2014 жылы Азия ойындарында жеңіске жеткен