Қазақстан құрамасы дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын құрамын жариялады

Қазақстан құрамасы дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын құрамын жариялады

Қазақстан дзюдо федерациясы Бакуде (Әзербайжан) өтетін ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын құрамды жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, дүбірлі додада Қазақстан намысын 15 дзюдошы қорғайды. Спортшылар жүлде үшін таласып, ел намысын қорғауға бар күшін салады.

Ерлер:

  • 60 келіге дейін: Бақытжан Аман, Шерзод Давлатов
  • 66 келіге дейін: Нұрқанат Серікбаев, Асылжан Жұбатханов
  • 73 келіге дейін: Есет Қуанов, Ансарбек Ғайнуллин
  • 81 келіге дейін: Жалғас Қайролла, Абылайхан Жұбаназар
  • 90 келіге дейін: Данил Крылов

Әйелдер:

  • 48 келіге дейін: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева
  • 63 келіге дейін: Есмигүл Қуюлова
  • 78 келіге дейін: Аруна Жангелдина
  • 78 келіден жоғары: Ақерке Рамазанова, Камила Берліқаш

Қазақстандық дзюдошылар жеке жарыстармен қатар, аралас командалық турнирде де бақ сынайды.

Айта кетейік, дзюдодан әлем чемпионаты 4-11 қазан аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или