Елдос Сметов жеңіске жетті

Елдос Сметов жеңіске жетті

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы өнерін жалғастыруда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық дзюдошы 60 келіге дейінгі салмақта ширек финалдық белдесуінде жеңіске жетті.

Бұл кезеңде оның қарсыласы Моңғолия өкілі Ариунболд Энхтайван болды. Сметовке белдесуді соңына дейін жалғастыруға тура келген жоқ. Қазақстандық дзюдошы қарсыласын иппонмен мерзімінен бұрын жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының көшбасшысы Азия ойындарының финалына шығу үшін күресуге мүмкіндік алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или