Қазақстандық дзюдошы Қытайдағы Гран-при турнирінде жеңілді

Қазақстандық дзюдошы Қытайдағы Гран-при турнирінде жеңілді

Қазақстандық дзюдошы, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінің ширек финалында жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық спортшының бұл кезеңдегі қарсыласы француз дзюдошысы Энзо Жан болды. Тартысты белдесуде қарсыласы ваза-ари ұпайымен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды.

Дегенмен, Елдос Сметов жүлде үшін күресті жалғастырады. Қазақстандық балуан енді жұбаныш белдесулерінде қола медальға таласуға мүмкіндік алады.

Еске салсақ, Сметов турнирдің алғашқы айналымында қытайлық Сунь Цзяхаоны иппонмен жеңсе, 1/8 финалда әзербайжандық Балабей Агаевты ваза-ари есебімен ұтқан болатын.

Айта кетейік, Циндаодағы Гран-при турнирі Елдос Сметов үшін 2024 жылғы Олимпиададағы тарихи жеңісінен кейінгі алғашқы халықаралық жарыс болып отыр.

Қытайдағы Гран-при турнирі: қазақстандық дзюдошылардың алғашқы қарсыластары анықталды

Қытайдағы Гран-при турниріне қатысатын Қазақстан дзюдошылары белгілі болды

Моңғолиядағы Grand Slam: қазақстандық дзюдошылар жүлдесіз қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или