Қытайдағы Гран-при турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
26-28 маусым аралығында Қытайдың Циндао қаласында Гран-при сериясының кезеңі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ресми мәртебесі жағынан Grand Slam турнирінен төмен болғанымен, қатысушылар құрамы бұл доданы соңғы айлардағы ең мықты жарыстардың бірі деуге толық негіз береді. Қазақстандық жанкүйерлер үшін басты назар Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің татамиге қайта оралуына аумақ.
Қытайдағы Гран-при турниріне Қазақстаннан 19 дзюдошы қатысады. Олардың қатарында Париж-2024 Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев пен әлем чемпионаттарының үш дүркін жүлдегері Әбиба Әбужақынова да бар.
Ерлер
60 келіге дейін: Елдос Сметов, Талғат Орынбасар
66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев
73 келіге дейін: Бақытжан Әбдірахманов, Ерсұлтан Дүйсенхан
81 келіге дейін: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат
90 келіге дейін: Айдар Арапов, Даниил Крылов
100 келіге дейін: Асқар Біржанов, Бақжан Байтас
Әйелдер
48 келіге дейін: Әбиба Әбужақынова
57 келіге дейін: Бақыт Құсақбаева
70 келіге дейін: Ажар Асхат, Мөлдір Нарынова
78 келіге дейін: Аруна Жангелдина, Екатерина Токарева
78 келіден жоғары: Аида Тойшыбекова, Назгүл Маратова.
Жалпы алғанда, Қазақстан құрамасының құрамы бәсекеге қабілетті көрінеді. Қытайдағы турнирге тәжірибелі Талғат Орынбасар, Абылайхан Жұбаназар, Айдар Арапов, Аида Тойшыбекова және Назгүл Маратова да қатысады. Сондықтан қазақстандық дзюдошылардың жүлде жеңіп алуына толық мүмкіндік бар. Ең бастысы – белдесулерде қателікке жол бермей, өз әлеуетін толық көрсету. Себебі дәл қазір әрбір жоғары нәтиже Лос-Анджелес-2028 Олимпиада ойындарына бір қадам жақындата түседі.
Моңғолиядағы Grand Slam: қазақстандық дзюдошылар жүлдесіз қалды
Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылар анықталды
Қазақстандық дзюдошылар European Open турнирін жүлдесіз аяқтады