Қытайдағы Гран-при турнирі: Ғұсман Қырғызбаев алтын үшін күреседі
Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Циндао қаласында (Қытай) өтіп жатқан Гран-при сериясының турнирінде финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК сайтына сілтеме жасап.
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында қазақстандық Рональд Лиманы (Бразилия) сенімді түрде жеңді.
Шешуші белдесуде Қырғызбаев Хифуми Абе (Жапония) мен Келвин Рэйдің (Франция) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, финалдық сессияда Елдос Сметов та бақ сынайды. Олимпиада чемпионы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін ресейлік Аюб Блиевпен белдеседі.
Елдос Сметов Қытайдағы Гран-при турнирінде қарсыласына жол берді
Қытайдағы Гран-при турнирі: қазақстандық дзюдошылардың алғашқы қарсыластары анықталды
Қытайдағы Гран-при турниріне қатысатын Қазақстан дзюдошылары белгілі болды