Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогының финалында кездесті
Қазақстандық дзюдошылар Прагада (Чехия) өтіп жатқан Еуропа кубогының финалында кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Балуандар қос жүлдені 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде алды. Белдесу барысында Ғалымжан Қырықбай жеңіске жетіп, Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медаль салса, Жантілек Нұртілекұлы күміс жүлдеге ие болды.
Айта кетсек, бұдан бұрын байрақты бәсекеде Қазақстан атынан 60 келі салмақта сынға түскен Шерзод Давлатов финалда Франция өкілі Ян Мотоли Бонгамбені жеңіп, алтын медаль жеңіп алған болатын. Сондай-ақ, 66 келіде ел намысын қорғаған тағы бір жерлесіміз Нұрәділ Әлжан қола жүлде еншіледі.
Бұл додаға 38 елден 412 татами шеберлері қатысты.
Қазақстандық дзюдошы Еуропа кубогында алтын медаль жеңіп алды
Ғұсман Қырғызбаев – Гран-придің күміс жүлдегері
Елдос Сметов Қытайдағы Гран-при турнирінде қарсыласына жол берді