Ғұсман Қырғызбаев Қытайдағы Гран-приде күміс жүлде иеленді

Ғұсман Қырғызбаев Қытайдағы Гран-приде күміс жүлде иеленді

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, 66 келідегі Ғұсман Қырғызбаев Циндао Гран-приінде ел қоржынына алғашқы жүлдені салды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз финалда осы салмақтың айқын фавориті, 2 дүркін Олимпиада чемпионы, 4 дүркін әлем чемпионы Хифуми Абэмен (Жапония) белдесіп, жол берді.

Отандасымыздың жарыстағы жолы:
1/16 финал. Турболд Тумурху (Моңғолия)
1/8 финал. Джусуф Нуркович (Черногория)
1/4 финал. Руслан Пашаев (Әзербайжан)
1/2 финал. Рональд Лима (Бразилия)

Айта кетейік, жарыстың алғашқы күнінде ерлерден 60, 66 және әйелдерде 48, 52,57 келіде жүлделер сарапқа салынды.

Бүгінгі жарыстың басты ерекшелігі ретінде Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтың 2 жылдан кейін татамиге оралуы болды. Жерлесіміз бірінші ресми жарысын 5-орынмен аяқтады.

Ғұсман Қырғызбаев Қытайдағы Гран-при турнирінде финалға шықты

Елдос Сметов Қытайдағы Гран-при турнирінде қарсыласына жол берді

Қытайдағы Гран-при турнирі: қазақстандық дзюдошылардың алғашқы қарсыластары анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или