Қазақстандық джитсер Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Қазақстандық спортшы Нұржан Батырбеков Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Джиу-джитсудан 69 келіге дейінгі салмақта өткен жарыстың финалында Қазақстан өкілі БАӘ спортшысы Ахмед Андизбен кездесті. Шешуші жекпе-жекте БАӘ спортшысы 2:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Батырбеков екінші орын алып, Қазақстан құрамасының қоржынына күміс медаль салды.
Айта кетейік, ширек финалда қазақстандық спортшы Филиппин өкілі Марк Александер Лимді 4:2 есебімен жеңген еді. Ал келесі белдесуде Батырбеков сингапурлық Ноа Тян Жун Лимнен 7:0 есебімен басым түсіп, финалға жолдама алған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или