Азия ойындары: Қазақстан алғашқы медаліне қол жеткізді

Азия ойындары: Қазақстан алғашқы медаліне қол жеткізді

Қазақстан құрамасы Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында алғашқы медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Батыр Теңізбай джиу-джитсудан қола жүлдегер атанды.

Қазақстандық спортшы 62 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен бәсекеде отандасы Мансұр Хабибулламен кездесті. Нәтижесінде Батыр Теңізбай 2:0 есебімен жеңіске жетіп, үшінші орынға көтерілді.

Айта кетейік, бүгін сондай-ақ, Жібек Құлымбетова (52 келіге дейін) және Ажар Салықова (63 келіге дейін) қола жүлде үшін күреседі.

Назым Қызайбай ширек финалға шыға алмады

Әлем кубогы: Үшінші жарыс күнінің тікелей трансляциясы

Қазақстандық екі боксшы алғашқы айналымнан аса алмады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или