Жібек Құлымбетова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Жібек Құлымбетова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық спортшы Жібек Құлымбетова Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының жүлдегері атанды. Құрама өкілі джиу-джитсудан өткен жарыста үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Құлымбетова 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Қола медаль үшін болған жекпе-жекте ол Оңтүстік Корея өкілі Хуивон Чонмен кездесті.

Негізгі белдесу 2:2 есебімен тең аяқталды. Жеңімпазды анықтау кезінде қосымша көрсеткіштер ескеріліп, бұл көрсеткіштер бойынша қазақстандық спортшының басымдығы анықталды. Осылайша, Құлымбетова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Бұл медаль Қазақстанның осы Азия ойындарындағы джиу-джитсудан алған екінші жүлдесі болды. Бұған дейін 69 келіге дейінгі салмақта Нұржан Батырбеков күміс медаль иеленген еді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или