Нұржан Батырбеков Азия ойындарының финалына шықты

Нұржан Батырбеков Азия ойындарының финалына шықты

Қазақстандық джиу-джитсу шебері Нұржан Батырбеков Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, 69 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалда қазақстандық спортшы сингапурлық Ноа Тянь Жун Лиммен кездесті. Батырбеков жекпе-жекті сенімді өткізіп, 4:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық спортшы турнирдің шешуші жекпе-жегіне жолдама алып, алтын медаль үшін күресін жалғастырады.

Батырбеков жартылай финалға дейін ширек финалда Филиппин өкілі Марк Александр Лимді 4:2 есебімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или