Күрес

Қазақстандық самбошылар әлем чемпионатында тағы үш медаль жеңіп алды

Қазақстандық самбошылар әлем чемпионатында тағы үш медаль жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Самбодан Ереван қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Kazinform.

Еламан Қойшыбаев 88 кг салмақта финалға дейін сүрінбей жетті. 

Қыркүйек айында әлем кубогінде жеңімпаз атанған Еламан жартылай финалда дүниежүзілік чемпионаттың қола жүлдегері, ирандық Сейед Саедиманадиді 5:1 есебімен тізе бүктірді. Алайда соңғы бәсекеде қырғыз балуаны Жамалбек Асылбек уулуына 0:2 есебімен жол берді. 

Сондай-ақ Арнұр Қуатай (71 кг) мен Шынар Абатова (72 кг) қола жүлдеге ие болды. 

Осылайша, екі күннің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 2 күміс, 3 қола жүлдемен жалпы есепте 8-орында тұр.

Жексенбі, жарыстың соңғы күні 7 салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаз-жүлдегерлер анықталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0