Екі қазақстандық өнер көрсететін Rizin Landmark 7 турнирінің тікелей трансляциясы

4 қарашада Әзербайжан астанасы Бакуде Rizin Landmark 7 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде әзербайжандық Вугар Карамов пен жапониялық Чихиро Сузуки кездеседі.
Айта кетейік, турнирде қазақстандық екі файтер - Ильяр Асханов пен Константин Меркулов өнер көрсетеді.
Жекпе-жек кеші Астана уақытымен 21.00-де басталады. Тікелей трансляцияны Okkо-дан көруге болады.