АПЛ матчына алғаш рет әйел адам қосалқы төреші болып тағайындалды

Ребекка Уэлч АПЛ матчына қосалқы төреші болып тағайындалған алғаш әйел қазы болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
37 жастағы Ребекка АПЛ-дың 11-туры аясындағы «Фулхэм» - «Манчестер Юнайтед» ойынына қосалқы төреші болып тағайындалды.
Бұған дейін АПЛ матчтарында төрелік ететін командалар құрамында тек үш әйел болған - Венди Томс, Шон Мэсси-Эллис және Натали Аспиналл. Мэсси-Эллис бұл матчта VAR көмекшісі қызметін атқарады.
«Фулхэм» - «Манчестер Юнайтед» матчы 4 қараша күні сағат 18:30-да басталады.