Роналду ойнайтын «Әл-Наср» Патша кубогының ширек финалына шықты

Сауд Арабиясы кубогының 1/8 финалының матчында «Әл-Наср» «Әл-Иттифақты» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Эр-Риядтағы кездесу 1:0 есебімен Криштиану Роналду ойнайтын команданың пайдасына шешілді.
Негізгі уақытта есеп ашылмады, ал қосымша уақытта Садио Маненің дәл соққысы Аль-Насрдың жеңісіне жетеледі: сенегалдық футболшы 107-минутта гол соқты.