Рамазан Оразов словениялық клуб сапында алғашқы голын соқты

Рамазан Оразов словениялық клуб сапында алғашқы голын соқты
news-banner7
mobile-news-top

Словения чемпионатының 14-турында «Копер» өз алаңында «Браво» клубын қабылдады, деп хабарлайды Kazinform.

Бұл матч Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразовтың осы команда сапында алғашқы голын соғуымен есте қалды.

Р.Оразов бірінші таймның 33-минутында есеп ашты.

Екінші кезең басында Рамазан ескерту алды. Бұдан кейін қарсылас команда таразы басын теңестірді. Есеп – 1:1.

«Копер» клубы турнир кестесінде екінші орында келеді.

Бұдан бұрын Рамазан Оразов «Копер» құрамында өткізген жеті матчта көзге түсе алмаған еді.

Айта кетейік, 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде H тобында Қазақстан мен Словения құрамалары ойнайды. 20 қараша күні іріктеу кезеңі Словения – Қазақстан бәсекесімен қорытындыланады. Қазіргі кезде Словения мен Данияда - 19, Қазақстанда 15 ұпай бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0