Қазақстандық теннисші Франциядағы турнирдің негізгі кезеңіне өте алмады

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин (ATP рейтингінде 211-орын) Брестте (Франция) өтіп жатқан іріктеу турнирдің жартылай финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кукушкин франциялық теннисші Маттео Мартинге (278-орын) 5:7, 4:6 есебімен жол берді.
Матч 1 сағат 27 минутқа созылды.
Айта кетейік, Бресттегі турнирдің жүлде қоры шамамен 120 мың еуроны құрайды.