Таллон Грикспор теннистегі карьерасын аяқтаған соң немен айналысатынын айтты

Әлемнің 24-ракеткасы Таллон Грикспор (Нидерланд) мотоцикл жарысына деген құштарлығы жөнінде айтты. Ол теннистегі карьерасын аяқтаған соң осы спорт түріне оралуды ойлап жүр, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Әкем, өкінішке қарай, мотожарысты тастап кетті, бірақ жиендерім шұғылданады. Отбасымдағылар "мотожарыс", "теннис" деп бөлініп жатады. Бұрынырақ жас кезімде өзім де шұғылдандым, әлі де ұнайды және көп жарысты қараймын. Алайда қазір бұл өте қауіпті. Юниорда ойнап жүргенімде жастықтықпен матчқа бір-екі күн қалғанда айдаймын деп, білегімді жарақаттап алғаным есімде, үш аптадан кейін ғана турға оралдым. Ата-анам сөйтіп байкқа тыйым салды. Экстремал спортты қатты сағындым және теннистегі карьерамды аяқтаған соң бұл спортпен айналысамын деп ойлаймын", - деді Таллон баспасөз мәслихатында.