«Реал» Мбаппені ала алмаған жағдайда Аргентина құрамасының шабуылшысын сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр

Мадридтік «Реалдың» басшылығы егер клуб ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппені ала алмаған жағдайда «Манчестер Сити» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Джулиан Альваресті сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sky Sports сайтына сілтеме жасап.
Мбаппенің ПСЖ-мен келісімшарты 2024 жылдың маусымында аяқталады. Transfermarkt порталы шабуылшыны 180 миллион еуроға бағалап отыр.
2022/2023 маусымында Альварес «Манчестер Сити» сапында барлық турнирлерде 49 ойынға қатысып, 17 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Ойыншының англиялық клубпен келісімшарты 2028 жылдың маусым айының соңына дейін есептелген. Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының құны 50 миллион еуроны құрайды.