«Айнтрахт» шабуылшысы ПСЖ-ға ауысқысы келетінін мәлімдеді

«Айнтрахт» шабуылшысы Рандаль Коло-Муани ПСЖ-ға ауысқысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sky Sport Germany сайтына сілтеме жасап.
«Айнтрахт маған ПСЖ-ға ауысуыма мүмкіндік береді деп үміттенемін. Мен бұл команда алдында қарыздармын. Мен әрқашан қолымнан келгеннің бәрін жасауға тырыстым. Бірақ ПСЖ рекордтық ұсыныс жасағанын бәрі бәледі және мен ол командаға ауысқым келеді, өйткені бұл менің карьерамды дамытудың тамаша мүмкіндігі. «Айнтрахт» ПСЖ-мен келісімге келеді деп үміттенемін», - деді футболшы.
Бұған дейін париждіктер 24 жастағы шабуылшы үшін бонустарды есептемегенде 70 миллион еуро ұсынғаны хабарланған болатын, бірақ «Айнтрахт» одан да көп соманы талап етіп отыр.