OCTAGON-ның ең жас чемпионы титулды қорғауға дайындалып жатыр
Жеңіл салмақтағы OCTAGON лигасының чемпионы қырғызстандық Илимбек Акылбек уулу (7-1) титулын алғашқы рет қорғауға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасы ұйымның ең жас чемпионы (19 жаста) отандасымыз, бұрынғы UFC чемпионы Валентина Шевченкомен жаттығуын жариялады.
Валентина Шевченко UFC-де ерекше рекорды бар. Ол титулын жеті рет қорғаған.
Еске салайық, биыл наурызда 19 жастағы Акылбек уулу аса жеңіл салмақтағы Гран-при финалының үшінші раундында қазақстандық Айваз Айдиновты (5:2) мерзімінен бұрын жеңген болатын.
Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасының келесі турнирі 18 тамызда Бакуде өтеді. OCTAGON 48 турнирінің басты кездесуінде Әзербайжан өкілі Гундуз Набиев (6-4) өзбекстандық Ислом Болтаевқа (3-2) қарсы орта салмақтағы «уақытша» чемпиондық титулды сарапқа салады.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 46 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink