Асу Алмабаевтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінің статистикасы жарияланды
UFC ресми сайты Нашвиллдегі (АҚШ) UFC on ESPN 50 турнирінде қазақстандық Асу Алмабаев (18-2) мен америкалық Ауди Осборн (12-6) арасындағы жекпе-жектің статистикасын ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл жекпе-жекте Алмабаев екінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді. Қазақстандық сегізбұрышта толық басымдық танытты: ол қарсыласының 22 (8 дәл) соққысына 78 соққымен (52 дәл) жауап берді. Маңызды соққылар статистикасы – 40-18 (дәл – 26-4). Алмабаев бес рет тэйкдаун әрекетін жасады, оның екеуі сәтті болды. Сондай-ақ қазақстандық файтер 5 минут 24 секунд бақылауға ие болды, ал Осборн 21 секунд қана басымдық танытты.
Еске салайық, Асу Алмабаев үшін бұл UFC-дегі дебюттік жекпе-жек болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или