Асу Алмабаев UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өз пайдасына шешті

Асу Алмабаев UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өз пайдасына шешті

Қазақ спортшысы Асу Алмабаев UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Нэшвиллдегі турнирде Асудың қарсыласы америкалық Ауди Осборн болды. Екінші раундта жерлесіміз қылқындыру әдісін қолданып, қарсыласты жеңілісін мойындауға мәжбүр етті.

29 жастағы Асудың ММА-дағы жаңа рекорды 18-2. Қазақстандық қатарынан он төртінші жекпе-жегінде жеңісті нәтиже тіркеді.

Қоса кетейік, жақында ғана тағы бір қазақстандық Азат Мақсұм да ММА-дан әлемнің үздік ұйымындағы жолын жеңіспен бастаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или