Қазақстандық теннисші Мексикадағы турнирдің іріктеу кезеңінде финалға шықты

Қазақстан өкілі Бейбіт Жұқаев Лос-Кабостағы турнирдің іріктеу кезеңін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жұқаев бірінші іріктеу кезеңінде мексикалық Лука Лемаитрді жеңді - 7:6, 6:4.
Айта кетейік, матч 1 сағат 58 минутқа созылды.
Турнирдің негізгі кезеңіне шығу үшін қазақстандық америкалық Киган Смитпен ойнайды.