Теннис

Юлия Путинцева Гамбург турнирінде өнер көрсетеді

Юлия Путинцева Гамбург турнирінде өнер көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның екінші, әлемнің 58-ракеткасы Юлия Путинцева Гамбург (Германия) WTA 250 турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірі, дүниежүзілік рейтингіде 184-орында тұрған франциялық Эльза Жакемомен шеберлік байқасады.

Жүлде қоры 225 480 еуроға бағаланған дода 29 шілдеде мәресіне жетеді.

Жұптық сында Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Анна Данилина ресейлік Александра Пановамен бірге осы турнирде бірінші айналымда италиялық Нурия Бранкаччио – грекиялық Деспина Папамихаилмен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0