Степан Лончар: «Астана» қызығушылық танытып отырғанын білгенімде ауысуға бірден келістім

«Астана» жартылай қорғаушысы Степан Лончар Prosports.kz тілшісіне берген эксклюзив сұхбатында Қазақстанға көшуі, «Атыраумен» кездесу туралы айтып, сонымен қатар загребтік «Динамоға» қарсы матч туралы пікір білдірді.
- Степан, «Атырауға» қарсы матч сіз үшін ҚПЛ-дағы дебюттік болды. Эмоцияларыңызбен бөліссеңіз.
- Мен үшін дебюттік матч ерекше болған жоқ, себебі біз «Динамоға» қарсы маңызды ойын алдында тең түстік. Ертең таңертең Чемпиондар лигасына дайындалу үшін Хорватияға ұшамыз. Менің ойымша, бізді қиын ойын күтіп тұр, бірақ бізде сапа бар, сондықтан мен Загребте оң нәтиже болады деп үміттенемін.
- Сіздің бұрынғы клубыңыз «Ференцварош» фарерлік «Клаксвиктен» жеңіліп, Чемпиондар лигасынан ұшып кетті. Сіздің ойыңызша, венгрия командаға не болды?
- Мен бұған әлі де сене алар емеспін. Сіз ойында не болуы мүмкін екенін білмейсіз. Мысалы, олар Фарер аралдарының клубынан жеңіліп, Конференция лигасына түсіп қалды. Дегенмен, мен қазір бар назарымды «Астанаға» аудардым және үшінші іріктеу кезеңіне өтуге мүмкіндігіміз бар деп ойлаймын.
- «Астанада» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өту міндеті тұр ма?
Барлығы кезең-кезеңімен болады. Алдымен Хорватияның топ клубы «Динамоға» қарсы ойнауымыз керек. Мен мұны жақсы білемін, өйткені бұрын Хорватия чемпионатында үш маусым ойнадым. Біз барымызды салуымыз керек, сонда оң нәтижелерге қол жеткізе алатынымызға сенімдімін.
–«Астанаға» трансфер туралы толығырақ айтып өтсеңіз. Бұл қалай болды?
– Маған «Астана» қызушылық танытып отырғанын білгенімде, көп ойланбай, агентімнен Қазақстанға айысуға көмектесуін өтіндім. Мен клубқа өз мақсаттарына, соның ішінде Чемпиондар лигасында көмектескім келеді. Еурокубок турнирлерінің бірінде топтық кезеңге шығатынымызға сенімдімін. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндік бар.
– «Астана Арена» стадионының атмосферасы туралы не айта аласыз?
- Мен бұл стадионда Тбилисидің «Динамо» командасына қарсы матчта болдым, ол кезде стадионда 27 мыңға жуық көрермен жиналды және тамаша атмосфера болды. «Динамоға» қарсы ойынға толық стадион жиналады деп ойлаймын, кем дегенде солай болады деп үміттенемін (күледі). Бізге жанкүйерлердің қолдауы қажет, себебі ол бізге алдағы ойындарда көп көмегін тигізеді.
Фото: «Астана» ФК