ММА

Асу Алмабаев: Азат лайықты жеңіске жетті, алда оны қызық жекпе-жектер күтіп тұр

Асу Алмабаев: Азат лайықты жеңіске жетті, алда оны қызық жекпе-жектер күтіп тұр
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев Prosports.kz сайтына Азат Мақсұмның UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі туралы пікірін айтты.

«Әрине, Азаттың жекпе-жегін көрдік. Жерлесіміз үшін уайымдадық. Десе де ол жақсы өнер көрсетіп, лайықты жеңіске жетті. Алда оны бұдан да қызық жекпе-жектер күтіп тұр деп ойлаймын. Бастысы, еңбек етіп, алған бетінен қайтпау керек.

Ванға қарсы өтуі мүмкін жекпе-жек туралы не айта аламын? Мақсұмға сенеміз. Ол жеңіске жетуі керек. Қазір жекпе-жекке келісуі керек», - деді Алмабаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0