ММА

Қазақстандық файтер OCTAGON SELECTION 23 турнирінде қылқындыру әдісімен жеңді

Қазақстандық файтер OCTAGON SELECTION 23 турнирінде қылқындыру әдісімен жеңді
news-banner7
mobile-news-top

OCTAGON SELECTION 23 іріктеу ивенті аясында жеңіл салмақта тартысты жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кәсіпқой ММА дебютанттары қазақстандықтар Аймырза Бекімбетов пен Тимур Мәдибеков күш сынасты.

Бекімбетов қарымта шабуыл кезінде қарсыласына қылқындыру әдісін жасап, жеңіске жетті. Осылайша, 18 жастағы файтер кәсіпқой деңгейді жеңіспен бастады.

22 шілдеде Алматыда OCTAGON 47 турнирі өтеді. Жекпе-жек кешінің басты белдесуінде қазақстандық Бекзат Алмахан (15-1) бразилиялық Матеус Глориямен (12-1-1) кездеседі. Ивент «командаға команда қарсы» форматында Қазақстан мен Бразилия арасындағы өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0