Азат Мақсұм UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде қанша гонорар алды

Қазақстандық файтер Азат Мақсұмның UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде қанша гонорар алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты MMA.Metaratings.ru-ға сілтеме жасап.
UFC-дегі дебютінде Тайсон Нэмды жеңген Азат Мақсұмның кепілді гонорары 16 000 доллар болды. Ал оның қарсыласы 50 000 доллар алды.
UFC Vegas 77 турнирінде ең көп сыйақы кештің басты жекпе-жегінде өнер көрсеткен Холли Холм мен Майра Буэно Силваға бұйырды, ол сәйкесінше 211 000 және 106 000 доллар алды. Бұл кездесуде Силва екінші раундта қылқындыру әдісімен жеңіске жетті.