Азат Мақсұмның UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінің видеосы

Азат Мақсұмның UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінің видеосы

Бүгін таңертең ММА-да жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер  Азат Мақсұм (17-0) UFC турниріндегі дебютін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Лас-Вегаста (АҚШ) UFC on ESPN 49 турнирі аясында өткен жекпе-жектегі Мақсұмның қарсыласы тәжірибелі америкалық Тайсон Нам (21-14-1) болды. Қазақстандық бастапқыда айқын фаворит саналғанымен, үш раундқа жоспарланған жекпе-жек ақыры бүкіл қашықтыққа созылып, төрешілердің екіге бөлінген шешімімен ғана (28-29, 29-28, 29-28) Азаттың пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, қазір Азат Мақсұмның ММА-дағы рекорды Қазақстанның UFC-дегі тағы бір өкілі Шавкат Рахмонов сияқты 17-0.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или