Андрей Голубев Аустриядағы жарыстың жеңімпазы атанды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Зальцбург (Аустрия) челленджер турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші украиналық Денис Молчановпен бірге финалда үндістандықтар Анируд Сандрасекар – Виджай Сундар Прашантпен чемпиондық атаққа таласты.
Бірінші партияда қазақстандық-украиналық жұп 6:4 есебімен басым түсті. Содан кейін екінші сетте тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (10:8).
Сағат жарымнан астам уақытқа созылған матчта А.Голубев пен Д.Молчанов 4 эйспен бірге 2 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Қарсыластары 1 эйспен шектелді.