Қазақстандық файтер Мәскеуде нокаутпен жеңілді. Видео
Қазақстандық файтер Игорь Свирид Мәскеуде өткен AMC Fight Nights турнирінде ресейлік Дмитрий Арышевтен жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты «Спорт Шредингер» Telegram-арнасына сілтеме жасап.
«Мәскеуде өткен AMC Fight Nights турнирінде Игорь Свирид (18-12) бірінші раундта ресейлік Дмитрий Арышевқа (14-8-1) есе жіберді.
36 жастағы Свирид мансабындағы 12-жеңілісіне ұшырады. Алматылық спортшы 2014 жылы ACB (қазіргі ACA) және ONE Championship лигасында чемпион атанған», - деп жазды дереккөз.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или