русский язык
Жеңіл атлетика

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының қоржынына тағы екі медаль түсті

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының қоржынына тағы екі медаль түсті

Таиланд астанасы Бангкокта жеңіл атлетикадан XXV Азия чемпионатының 2-жарыс күні өтіп жатыр.

Биіктікке секіруден Ұлттық құрама спортшысы Кристина Овчинникова чемпион атанса, Елизавета Матвеева күміс жүлдеге ие болды. Екі қазақстандық атлет 1,86 метрге қарғыған. Кристина алғаш болып осы көрсеткішті тіркегендіктен бас жүлдені алды. Қола медаль өзбекстандық Светлана Радзивилге бұйырды (1,83 м).

Қазір Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміспен жалпы есепте 4-орында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;