Ішкі істер министрлігі Бейбіт Шүменовтің оқиғасына қатысты түсініктеме берді

Бұған дейін әлеуметтік желілерде шабуыл жасаған адамның кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы Бейбіт Шүменов екені туралы ақпарат пайда болған еді. Бұл ақпаратты Ішкі істер министрлігінің вице-министрі растады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Иә, бұл Шүменов. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, қазір онымен айналысып жатырмыз», — деді Қайрат Сұнтаев үкімет отырысында.
Вице-министрдің айтуынша, бұл іске бей-жай қараған учаскелік инспекторға қатысты қызметтік тексеру басталды.
«Тексеру жүріп жатыр, ол қатаң жазаланады, кеше ғана министр бұл мәселені көтерді», - деді Сұнтаев.⠀
Сұнтаевтың айтуынша, төбелес кезінде Шүменов сау болған. Оқиға кезінде бала зардап шеккен жоқ.
«Жоқ, бала зардап шеккен жоқ, бірақ жәбірленуші қылмыстық жауапкершілікті талап етуде», - деп қосты министрдің орынбасары.