Елена Рыбакина өткен жылғы Уимблдон финалындағы қарсыласы Онс Жабермен ойнайды

Елена Рыбакина өткен жылғы Уимблдон финалындағы қарсыласы Онс Жабермен ойнайды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакинаның Уимблдон турнирінің ширек финалындағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 6-ракеткасы, тунистік Онс Жабер төртінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 9-орында тұрған чехиялық Петра Квитованы оңай жеңді.

Бірінші партияда тунистік спортшы қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады – 6:0. Екінші сет те оның басымдылығымен өтті – 6:3.

Осылайша, ширек финалда О.Жабер мен Е.Рыбакина кездесетін болды.

Өткен жылы Уимблдонда соңғы бәсекеде Елена Рыбакина Онс Жаберді 3:6, 6:2, 6:2 есебімен қапы қалдырып, чемпион атанған еді.

Қазақстандық және тунистік спортшы осыған дейін өзара төрт мәрте ойнаған. Есеп тең – 2:2.

Е.Рыбакина – О.Жабер матчы 12 шілде күні орталық кортта өтетін болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или