Қазақстандық аралас жекпе-жек ардагері OCTAGON 47 турнирінде өнер көрсетеді

Қазақстандық аралас жекпе-жек ардагері Әділ Боранбаев (21-10-1) жекпе-жек өткізетін күнін білді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алматыдағы OCTAGON 47 турнирінде 37 жастағы файтер Bad boy лақап атымен танымал тәжірибелі бразилиялық Маурисио Мачадомен (25-15) кездеседі.
Бұл жекпе-жекте отандық файтер «командаға команда қарсы» форматында Бразиялияға қарсы жекпе-жек өткізіп, Қазақстан намысын қорғайды.
Еске салайық, Әділ Боранбаев – қазақстандық жеңіліп көрмеген UFC файтері Шавкат Рахмоновтың отандастары арасынан жалғыз қарсыласы болып келеді. Олардың жекпе-жегі 2016 жылы Battle of Nomads 7 турнирінде өтті. Кездесуде Рахмонов мерзімінен бұрын жеңіс жеткен болатын.
Алматыда өткен OCTAGON 44 турнирінде Әділ Боранбаев жартылай орта салмақтағы чемпиондық титул үшін жекпе-жекте Магомед Магомедовтен (12-0) мерзімінен бұрын жеңіліп қалған еді.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі