Танымал лига турнирлердің жаңа форматын жариялады

Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасы елдер арасындағы турнирлерді өткізудің жаңа форматын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Біз елдер арасындағы матчтық текетірестер сериясын бастаймыз! Алдағы турнирлердің негізгі жекпе-жектері «командаға команда қарсы» форматында өтеді. Қатысушы елдер тізіміне Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей, Грузия, Әзербайжан, Қырғызстан, Иран, Мысыр, Қытай, АҚШ және Бразилия енді. Үздік командалар алдағы уақытта кездеседі және біз OCTAGON турнирлерінде ең үлкен жекпе-жектерді тамашалай аламыз», - деді ұйымның баспасөз қызметі.
«Бразилия – Қазақстан» алғашқы кездесуі 22 шілдеде OCTAGON 47 турирінде өтеді.
Турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық проспект Бекзат Алмахан (15-1) бразилиялық Матеус Глориямен (12-1-1) кездеседі.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі