Григорий Бабаян: Біз қайталауды жүз рет қарадық, доп сызықтан асқан-аспағанын аңғару өте қиын

Григорий Бабаян: Біз қайталауды жүз рет қарадық, доп сызықтан асқан-аспағанын аңғару өте қиын
news-banner7
mobile-news-top

«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Ордабасымен» өткен ойынды қорытындылады.

- Алда Чемпиондар лигасының ойыны таяп қалған соң, тәуекелге бармай белгілі бір ойыншыларды Астанада қалдырып кеттік. Әуел басынан бізге кубокты ұту деген міндеттеме жүктелген жоқ, алайда бұл жартылай финал болғандықтан, алаңға шыққасын жерде барымызды салу қажетпіз.

Ойын жайлы айтар болсам, екі тайм екі түрлі болды, алғашқысында басымдық біздің жақта болды, гол салатындай тамаша мүмкіндіктерге ие болып едік. Ал екінші таймда «Ордабасы» бізге қарағанда сәл мықтылық танытты. Олар гол салып, барлығы қосымша уақытқа ұласты. Ал экстра-таймда мүмкіндіктер бізде де, оларда да болды. Қос команда ашық футболға көшті, нәтижесінде біз өз мүмкіндіктерімізден мүлт кеттік, «Ордабасы» болса, стандарттан гол соқты. Біз қайталауды жүз рет қарадық, доп сызықтан асқан-аспағанын аңғару өте қиын. Бұл мәселені қазылар алқасына қалдырайық, өте күмәнді эпизод.

Не дегенмен, жігіттерге алғысымыз шексіз, олар барын салды. Экстра-таймға апарып жігіттер артық күш сарп етті, алайда болар нәрсе болды. Енді қазір бізге қалыпқа келу керек, 6 күннен соң Чемпиондар лигасының кездесуі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0