«Қайрат» пен «Астананың» бұрынғы ойыншысы Әліптің клубында тегін ойнауға дайын

«Қайрат» пен «Астананың» бұрынғы футболшысы Джордже Деспотович РПЛ топ-клубында тегін ойнағысы келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sport24.ru-ға сілтеме жасап.
Сербиялық футболшы «Спартак», «Динамо» немесе Нұралы Әліп доп тебетін «Зенит» сынды командаларда тегін ойнауға дайын екенін айтты.
«Өзімді «Спартак», «Динамо», «Зенит» сияқты командаларда сынап көргім келеді. Ол үшін тіпті ақша керек емес. Өз деңгейімді көрсету үшін ештеңе алмай бір жыл ойнайтын едім», - деді Деспотович.
Айта кетейік, РПЛ-дың өткен маусымында 31 жастағы спортшы тулалық «Арсеналда» 12 кездесу өткізіп, бірде-бір нәтижелі әрекет жасаған жоқ.