«Ордабасы» «Ақсуды» сенімді жеңді

Шымкентте футболдан Қазақстан чемпионатының 14-ші турының «Ордабасы» мен «Ақсу» арасындағы кездесуі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алаң иелері Темірлан Ерланов пен Всеволод Садовскийдің голдарының арқасында 2:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.
«Ордабасы» – «Ақсу» – 2:0 (1:0)
Гол соққандар: Ерланов 45+4 (1:0), Садовский 58 (2:0)