Исмагулов UFC-де қатарынан екінші рет жеңіліске ұшырады

Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC Fight Vegas 76 турнирінің негізгі жекпе-жегінде ресейлік қазақ Дамир Исмагулов (24-2) өнер көрсетті, деп жазады Prosports.kz.
Оның қарсыласы UFC турнирінде жеңіліп көрмеген америкалық Грант Доусон (19-1-1) болды.
Жеңіл салмақтағы жекпе-жек толық үш раундқа жалғасып, америкалық файтер төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Төрешілер есебі – 30:26, 30:26, 30:27.
Айта кетейік, бұған дейін Исмагулов ресейлік Арман Царукяннан (20-3) жеңіліп, америкалық ұйымдағы алғашқы жеңілісіне ұшыраған.