Грузия тарихта алғаш рет жастар арасындағы Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты

Грузия тарихта алғаш рет жастар арасындағы Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты
news-banner7
mobile-news-top

Грузия құрамасы жастар арасындағы Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің 3-турында Нидерландымен тең ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz

Матч 1:1 есебімен аяқталды. А тобындағы екінші ойында Португалия құрамасы Бельгияны 2:1 есебімен жеңді.

Осылайша, Грузия (5 ұпай) мен Португалия (4 ұпай) А тобынан турнирдің плей-офф кезеңіне шықты. Нидерланды 3 ұпаймен үшінші, Бельгия төртінші (2) орын алды.

Грузия құрамасы тарихта алғаш рет жастар арасындағы Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0