Мейвезер мен атақты мафия басшысының немересі арасындағы жекпе-жек төбелеспен аяқталды. Видео

Бес салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы кіші Флойд Мейвезер (50-0) мен Джон Готти III (2-0) арасындағы көрме жекпе-жегі алты раундқа созылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Төрешінің ескертуіне мән бермей, Готти Мэйвезермен бірге клинчке түсіп, оны арқанға қысқан кезде төреші жекпе-жекті тоқтатты.
<span></span>
Төреші кездесуді тоқтатқан соң, Готти Мейвезерге жүгіріп барып, оны ұрмақ болды. Осы кезде Мейвезердің командасы рингке шығып, боксшыны қорғап қалды. Көп ұзамай спортшылар жеке бөлмеге жеткізілді.
Кездесудің ресми қорытындысы: екі боксшының нұсқауға құлақ аспауына байланысты 6-раундта төреші тоқтатты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или