Мессидің «Интер Майамимен» келісімшартында ерекше тармақ бар

Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси «Интер Майамимен» үш жылдық келісімшартқа отырды, деп жазады Prosports.kz.
Дереккөз мәліметіне сенсек, келісімшартта ойыншы алғашқы екі маусымның соңында еркін агент ретінде клубтан кете алады деген тармақ бар.
Мессидің «Интер Майамимен» ресми келісімшартқа қол қою рәсімі 1 шілдеде өтеді.
Айта кетейік, ПСЖ 2022/2023 жылғы маусымының соңында Мессидің кететінін хабарлаған болатын. Аргентиналық командадан тегін агент ретінде кетті. Шабуылшы «Интердің» ұсынысын қабылдамас бұрын «Барселона» мен Сауд Арабиясының «Аль-Хиляль» клубына ауысады деген ақпарат шыққан.